Қырғызстан президенті Сооробай Жээнбеков БАҚ басшыларымен кездесу кезінде өзінің туыстары мемлекет басшысының жұмысына араласпайтын болады деп мәлімдеген. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.
Оның сөзінше, көбі мемлекеттік лауазымды қызметке туыстарын тағайындайды ма деп қорқады. Атап айтқанда өзінің кіші бауыры Асылбек Жээнбеков жайлы көп сөз болады екен.
"Олар өздерінің жұмыстарын жақсы жүргізіп жатыр. Мен Ақаев пен Бакиевтің тағдырларының қалай болғанын көрдім. Мен алты жылдан кейін басымды көтеріп, адамдармен еркін кездескім келеді", - деді ол.
Асылбек Жээнбеков парламент спикері болған. Бірақ Сооронбай Жээнбеков премьер-министрлікке ұсынылған кезде, ол қызметінен кеткен. Кейін Социал демократиялық партия Сооронбай Жээнбековті президенттікке ұсынды. Қазір Асылбек Жээнбеков - парламент депутаты.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр