Осы жылдың 20 қаңтарында Сүрияның Африн қаласын террористерден тазалау мақсатында басталған "Зәйтүн бұтағы" операциясының 45-ші күнінде бейтарапсыздандырылған террористер санының 2668-ге дейін артқаны мәлім болды. Бұл операцияны Түрік қарулы күштері мен Еркін Сүрия армиясы тарапы ұйымдастырған еді.

Осыдан бір күн бұрын, аталған операцияның 44-ші күнінде бұл көрсеткіш, яғни бейтарапсыздандырылған террористер санының 2612-ге артқаны жария болған еді. Демек,  "Зәйтүн бұтағы" операциясының күн өткен сайын белсенді қимыл көрсетіп жатқаны анық.

Негізінде, "Зәйтүн бұтағы" операциясының күшімен Афринде 3 тұрғын орталық, 102 ауыл, 6 елді мекен және 22 стратегиялық таулы аймақ, сонымен қатар PKK-ға тиесілі барлығы 134 нысан қолға алынған. Ал бүгінде Шейх Хадид тұрағымен бірге 7 тұрғын алаңы, Раджу және Джендерестен Афринге дейінгі жолдар қатаң қадағалануда.

Ендеше, қазіргі уақытта негізгі атыс нысанына айналған Джиндерестің стратегиялық қандай маңызы бар?

Джиндерес Африннің оңтүстік-батысынан 17 шақырым, Хатай елді мекенінің шығысынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Африннен кейінгі ең үлкен орталық. Алайда, осыдан бір күн бұрын, яғни аталған операцияның 44-ші күнінде Джиндерес отқа оранған болатын. Сол күні түс мезгілінде шекарадағы әскери күштер мен ұшқышсыз ұшу аппараттары Джиндерес аймағындағы террористерге тиесілі баспаналар мен жайларға оқ жаудырып, әсіресе, осы аймақтарға соғыс ұшақтары арқылы да бомбалау қимылдары жүзеге асырылды.

"Зәйтүн бұтағы" операциясы басталғаннан бүгінге дейінгі 45 күннің ішінде Күрд Жұмысшылар Партиясына (PKK) тиесілі 924 нысанды жойған.

“The Qazaq Times”