Алматы облысының Қарасай ауданы Қаскелең кентінде, Талғар ауданындағы Тұздыбастау, Бесеғаш ауылдарын су басу қаупі сейілмей тұр. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда су басу қаупіне байланыстыТұздыбастау ауылының 1000 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан 27 ақпанда түнгі сағат ондар шамасында 50 текше метр су жиналып 250 үйдің тұрғындары қауіпсіз орындарға жіберілген.
Айта кетейік, кешелі бері әлеуметтік желілерде Алматы маңындағы елдімекендерді су басқаны туралы видеолар көбейіп кетті. Видеодан сел жүру салдарынан жол қозғалысы қиындап, көптеген үйлердің ауласын су басқанын көруге болады.
Күннің күрт жылыну салдарынан бұл Қазақстанның кез келген өңірінде жылда қайталанатын жағдай. Ал жауапты органдар "су басу салдарын алдын алдық" деген күннің өзінде, жағдайды реттеу уақытынан бұрын қолға алынбайтыны көптің ашуын туғызатыны белгілі.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап