"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ сайтында қазақстандықтар тегін оқи алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды. Шетел азаматтары үшін тегін білім алуды Германия, Франция, Норвегия, Чехия, Польша және Грекия университеттері ұсынып отыр.
Алайда халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, тізімдегі әрбір ЖОО-ның оқуға түсуге қатысты өз талаптары бар.
Сондай-ақ, шетелде оқығысы келетіндер орталықтың 8 (7172) 76-90-44, 76-91-04, 76-90-92, 24-93-96 нөміріне хабарласып, "Болашақ" стипендиясы туралы, үкіметаралық гранттар және құжаттарды қабылдау, талапкерлерді іріктеу шарттары туралы біле алады.
Бұдан бұрын белгілі болғандай, 2018 жылы Венгрия ЖОО-лары қазақстандықтар үшін 200 білім грантын бөлген. Оқу тегін. Сондай-ақ Венгрия тарабы жатақхана мен медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуге дайын.
Десек те, ХБО президенті Жанболат Мелдешов 2017 жылдың қараша айында қазақстандықтардың көбі грант ұсынып отырған еуропалық университеттерден гөрі АҚШ пен Англияның ақылы ЖОО-ларын жиі таңдайтынын айтқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?