Ресей елшілігінен 400 кг кокаин табылды – деп хабарлайды Todo Noticias газеті.
Басылым мәліметінше, Аргентина құқық қорғау органдары тексеру барысында Буэнос-Айрес қаласындағы Ресей елшілігінен 400 кг кокаин тәркілеген. Аргентина Қауіпсіздік министрі Патриси Буллричтың сөзінше, арнайы операция Ресей полициясымен бірлесіп жүргізілген. Елшіліктен табылған 12 чемоданға салынған 360 пакет кокаинның құны 50 миллион еуроны құраған.
Associated Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, елшілік ғимаратындағы кокаинның тәркіленуіне Ресейдің Аргентинадағы елшісінің телефон қоңырауы себеп болған. Ол 2016 жылдың басында Буэнос-Айрес қаласының құзырлы органдарына елшіліктен аса ірі көлемде кокаин тауып алғандығын жеткізген. Тексеру барысында «кокаин саудасына» екі аргентиналық және үш ресейлік азаматтың қатысы бар екендігі анықталған. Олардың ішінде Буэнос-Айрес қаласының полиция инспекторы мен Ресей Федерациясының экс-шенеунігі бар. Күдіктілер 400 кг кокаинды Ресейдің дипломатиялық поштасы арқылы Ресейге және бірнеше Еуропа елдеріне жөнелтпек болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?