ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарға әсіресе зейнеткерлерге кредиттен аулақ болуға шақырды.
"Ұлттық банк қаржы сауаттылығын арттыру бойынша халықтың барлық тобын қарап жатыр. Біз барлық топтарды қамту үшін бұл мәселеге кешенді түрде өтпекпіз. Осы жылы қаржы сауаттылығы бойынша стратегияны жасап шығуды қолға алдық", - деді Ақышев.
"Оның үстіне зейнеткерлергерге бірнеше базалық кеңес бергім келеді. Біріншіден, қаражатты үйден гөрі банкте сақтаған жөн. Бұл қаражаттың сақталуын қамтамасыз етеді. Оның үстіне сомасы 10 млн теңгеден асқан депозиттерге мемлекет кепілдік береді. Екіншіден, Ұлттық банк лицензиясы берілмеген, сіздің ақшаңызды алып қоюы мүмкін компанияларға сенбеу керек. Үшіншіден, ақшаңызды бөтен адамға сеніп қалдырмаңыздар. Төртіншіден, кредит алу мүмкіндігі болған күннің өзінде одан аулақ болыңыздар", - деді Ақышев.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды