Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы вице-министрі Сирил Рамапоза (Cyril Ramaphosa) президент болып тағайындалды, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Көпшілік Оңтүстік Африка Республикасының жаңа президентінен жаңа бастамаларды күтеді. Жергілікті халық Жейкоб Зума (Jacob Zuma) билік еткен уақыт (жемқорлықтың дәуірі жүріп тұрған кез) енді қайталанбастай өткен шақта ғана қалады деп үміттенеді. Елдің жаңа басшысы алғашқы сөзінде халықты және бақылаушыларды сабырға шақыруға тырысты.
"Қарапайым халықтың адал еңбегімен тапқан нанын, қоғамның байлығын корпоративті қылмыскерлердің ұрлауына жол бермейтін, әділеттілік пен ауызбіршілікке негізделген қоғам құрамыз деп бел будық" - дейді президент.
ОАР табиғи қазбаларға бай, потенциалды ел болғанымен, теңсіздікпен байланысты тарихи шиеленістер, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, кедейшілік секілді мәселелерден көз аша алмай келеді. Рамапоза осының барлығын шешуге тырысатынын айтты. Ең бірінші кезекте оған жергілікті халықтың жоғары билік өкілдеріне деген сенімін қайтаруға тырысу керек.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті