2018 жылдың 13 ақпанында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Delta Bank» АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) таратқан мәліметке қарағанда, қор «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлейді. Банктің клиенттері – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өтемді алуға құқылы.
Кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің шамамен сомасы – 130 миллион теңгені құрайды, өтемді алуға құқығы бар клиенттер – жеке тұлғалар саны – 2 239 адам.
Төлем ҚДКБҚ-ның арнайы резерві қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасы - 571,6 миллиард теңге.
Кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасы құрайды:
- теңгедегі депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,
- шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін.
«Delta Bank» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі қабылданған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер арасынан «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу үшін агент банкті таңдау бойынша конкурс өткізеді. Агент банкке қойылатын жалпы талаптар арасында: каржылық тұрақтылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданып жүрген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болмауы, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыруға қажетті филиалдар мен кеңселердің болуы», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын ҚДКБҚ банкрот болған Қазинвестбанк салымшыларына да депозит бойынша кепілдік берілген өтемді төлейтіндерін хабарлаған еді.