Ксения Собчак Ресей президенті Владимир Путинді сотқа берді – деп хабарлайды Итнерфакс ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Ксения Собчак Владимир Путинның сайлауға қатарынан екі рет қатысуын ел Конституциясына қайшы деп бағалап, оны сотқа берген. Онда ол Ресей Федерациясының Жоғарғы сотынан орталық сайлау комиссиясының 6 ақпан күні Владимир Путинның кандидатурасын қабылдауға байланысты шығарған шешімінің күшін жоюды сұраған.
Ксения Собчактың шағымынан кейін іле-шала Ресей орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Булаев журналистер алдында түсініктеме берген. Онда ол: «Бұл тақырып осыдан біраз уақыт бұрын талқыланған, зерттелген. Ксения Собчактың бұл тақырыпты қайта қозғап жатқанына қарағанда оған ол енді жеткен көрінеді. Бұл сұрақтарға байланысты сот шешімі баяғыда шығып қойған. Қазіргі таңда Владимир Владимировичтың президент сайлауына қатысуына ешқандай кедергі жоқ» - деген.
Бірақ Ресей орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесіне қарамастан Жоғарғы сот Ксения Собчактың арызын қабыл алып, алғашқы сот отырысын 16 ақпан күніне белгілеген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды