ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына барған Солтүстік Корея делегациясының шығынын Оңтүстік Корея төлейді.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 9 ақпан күні Пиоңчаң қаласына ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға келген Солтүстік Корея делегациясының шығынын Оңтүстік Корея билігі төлейді. Солтүстік Кореядан келген 424 адамның жатар орны мен жүріп-тұруына Оңтүстік Корея бюджетінен 2,64 миллион доллар қаржы бөлінген. Аталмыш қаржыға Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына келген КХДР басшысы Ким Жоң Унның қарындасы Ким Ио Жоң бастаған ресми делегацияны күтіп алуға кеткен шығын кірмеген.
Естеріңізге салайық, 10 ақпан күні Оңтүстік Корея президенті Мун Жайн Солтүстік Корея делегациясын қабылдаған. Онда ол КХДР Жоғары президиумының төрағасы Ким Ен Нам мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ынның қарындасы Ким Ио Жоңмен кездескен. Бұл корей соғысынан кейін жоғары лауазымды саясаткерлердің қатысуымен болған ең алғашқы кездесу және Ким Жоң Ын отбасы мүшелерінің Оңтүстік Кореяға жасаған тұңғыш ресми іс-сапары.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?