Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасында қосымша екі тексеру және өткізу бекеті салынады деп хабарлады centralasian.org Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдемесіне сүйеніп.
Астанадағы үкімет жиынында сөйлеген Сұлтанов қазақ-өзбек шекарасында тауар айналымының артуына байланысты және Өзбекстан үкіметімен арадағы келісім бойынша қосымша «Сырдария» және «Целинный» деп аталатын екі тексеру және өткізу бекеті ашылатынын айтты. Ол бекеттерде шамамен 120-дан астам адам жұмыс істемек. Бұған қоса үш тексеру және өткізу бекеті енді тәулік бойы жұмыс істейді.
Министр сонымен қатар Құрық жаңа теңіз портындағы өткізу бекеттерін толық жасақтап, тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшіру керегін айтты.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды