Грузия билігі Михаил Саакашвилиден "өлердей" қорқады - деп хабарлайды "Интерфакс Украина" ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, ақпан айының 12-сі күні Киев қаласында ұсталып, Польша астанасы Варшаваға жеткізілген Михаил Саакашвили Украина телеарналарының біріне сұхбат берген. Онда ол: «Грузия билігі менен "өлердей" қорқады. Егер олар мені елге экстрадициялағылары келсе, оны кеше жасар еді. Маған Польша ішкі істер министрлігі өкілдері мен Варшава әуежайына қонған бетте хабарласты. Олар менен: «Сіз Польша билігінен саяси баспана сұрайсыз ба?» - деп сұрады. Мен оларға: «Ешқандай саяси қорған сұрамаймын» - деп жауап бердім» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Михаил Саакашвили «Bild» басылымына берген сұхбатында Еуроодақ пен Германия канцлері Ангела Меркельден көмек сұраған. Ол өз мәлімдемесінде: «Олар мені қорқытып, жеке ұшақпен Польшаға алып барды. Бұның артында Украинаның жемқор президенті Петр Порошенко тұр. Егер бұған Еуроодақ пен Германия канцлері Ангела Меркель араласпаса, Украина күйрейді» - деген болатын.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды