Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Еуроодақ пен Германия канцлері Ангела Меркельден көмек сұрады.
Ақпан айының 12-сі күні Михаил Саакашвили "Bild" басылымына сұхбат берген. Онда ол: «Киевтегі кафеде маған бетперде киген ер адамдар шабуыл жасады. Олар мені қорқытып, жеке ұшақпен Польшаға алып барды. Бұның артында Украинаның жемқор президенті Петр Порошенко тұр. Егер бұған Еуроодақ пен Германия канцлері Ангела Меркель араласпаса, Украина күйрейді. Порошенко елді жойып, мені құртқысы келеді. Себебі мен жемқорлықты әшкерелеудемін» - деген.
Естеріңізге салайық, 12 ақпан күні Михаил Саакашвили Киев қаласында тұтқындалып, Польша астанасы Варшаваға жеткізілген болатын. Саясаткер Украинаның Ұлттық көші-қон қызметі ұсынған реадмиссия туралы өтінішіне сәйкес Польша аумағына жіберілген.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды