 
                                    Сәуір айының 11-і күні Әзірбайжанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Ильхам Әлиев ақпан айының 5-і күні мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге байланысты қаулыға қол қойған. Онда ол орталық сайлау комиссиясына президент сайлауын сәуір айының 11-іне белгілуге және сайлауға дайындық жұмыстарын заң аясында жүргізуге тапсырма берген.
Бір қызығы Ильхам Әлиев қол қойған қаулыда президент сайлауы не себепті мерзімінен бұрын өткізіліп жатқандығы жөнінде ешқандай түсініктеме бермеген. Заң бойынша кезекті президент сайлауы 2018 жылдың қазан айында өтуі тиіс болған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін билік басындағы «Жаңа Әзірбайжан» партиясының атқарушы хатшысы Әли Ахметов алда келе жатқан президент сайлауына партия атынан қазіргі президент Ильхам Әлиев қатысатынын мәлімдеген. Ильхам Әлиев билік басына 2003 жылы келген. Ол сол уақытқа дейін 2008 және 2013 жылдары өткен президент сайлауларының барлығында айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Осыдан кейін Әзірбайжан оппозициясы мен шетелдік БАҚ өкілдері Ильхам Әлиевке "мәңгілік президент" деген атақ берген.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                     Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?