 
                                    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде 800 жас жауынгер Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Еліміздің барлық облысынан жасақталған жас буын екі айға жуық уақытта арнайы дайындықтан өтті, деп хабарлады Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.
Шараға әскердің ардагерлері, әскери ведомстволар мен атқарушы билік органдарының өкілдері, сонымен қатар жас жауынгерлердің ата-аналары мен жақындары қатысты.
Сапқа қосылған жас сарбаздар енді өзге әскери қызметшілермен бірге Отанымыздың бас қаласы – Астананың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.
"Жауынгерлерге қаланың 20 жылдық мерейтойына арналған барлық маңызды іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қадағалау міндеті жүктеледі. Біз оларға осы міндеттерді адал да абыроймен атқарады деп үміт артамыз", - деді құттықтау сөзінде құрама командирі полковник С. Шекарбеков.
Жас сарбаздарға салтанатты сәтте қолдау көрсету үшін бөлім аумағына 2500-ден астам ата-ана мен туған-туыстары келді. Олар өз перзенттерінің салтанатты шерумен өткен, Отан қорғаушысы атанған сәтіне куә болды.


Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі












 
                                                        





 «ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУҒА БАРА МА?»: ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ЖАУАП БЕРДІ
                                        «ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУҒА БАРА МА?»: ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ЖАУАП БЕРДІ
                                     Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                     ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                     Украина дағдарысының күшейуіне байланысты Ресей – Моңголия - Қытай мүдделік қатынастары
                                        Украина дағдарысының күшейуіне байланысты Ресей – Моңголия - Қытай мүдделік қатынастары
                                     Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                        Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                     Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
                                        Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті