Бүгін Ресей тарихта Екінші Дүниежүзілік соғыстың шешуші шайқастарының бірі ретінде қалған Кеңес Үкіметінің Сталинград түбіндегі жеңісінің 75 жылдығын атап өтті. Ресей Президенті Владимир Путин қазір аты өзгерген Волгоград қаласына арнайы келіп, әскери парадқа қатысты. Бұл туралы AFP ақпараттық агенттігі жазды.
Владимир Путин филармонияда өткен концерттік бағдарлама алдында, соғыс ардагерлерімен кездесіп, адамзат тарихында Сталинград шайқасына тең келер өзге шайқас болмағанын айтты. "Жауынгерлердің мұқалмас жігері мен өз өмірін ойланбастан оққа тосуы, жауымыздың ең үлкен қорқынышына айналды", - деді ол.
Сталинград шайқасы 1942 жылдың шілдесінде басталып, 200 күнге созылған. 1943 жылы 2 ақпанда қанды шайқаста Отаны үшін күрескен Кеңес Үкіметінің әскері жеңіске жеткен. Соғыстан кейін Сталинград қаласы қайта қалпына келтіріліп, оның атауы 1961 жылы Иосиф Сталиннің дүниеден өткеніне 8 жыл толған тұста "Волгоград" деп өзгертілді. 2014 жылы жергілікті билік өкілдері қаланы жылына 6 рет, атаулы әскери шараларға орай "Сталинград" деп атауды ұсынды.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?