Италия полиция тараулары елдегі мафияға қарсы күрес операциясын жүргізіп, Неапол, Рим және Агриженто қалаларынан бірқатар адамды тұтқындады. Қамауға алынғандарға адам өлтіру, есірткі саудалау, сыбайлас жемқорлық, тонау, жезөкшелер бизнесі қатарлы айыптар тағылған. Бүкіл әлемге танымал италиялық мафиялар әңгімесі бүгін қандай бейнеде? BBC бұл туралы арнайы сараптама жасады.
Мәліметтерге қарағанда «Коза-Ностра», «Каморра», «Ндрангета», «Сакра Корона Унита»» қатарлы қылмыстық топтарда ең көбінде 25 мыңнан мүшесі, ал, әлем бойынша бұл ұйымдармен байланыстағы 250 мың адам бар делінеді.
Саясатқа араласатын мафия – «Коза–Ностра»
Сицилия жеріндегі танымал отбасылық мафияның аты – «Коза-Ностра». Бұл сөздің мағынасы «біздің ісіміз» дегенді білдіреді. Сицилиялық қылмыстық топтар қазір әлемге тараған мафияны құрайды. 1800 жылдары Сицилия жерінде қуатты күшке ие болды және ықпалы барған сайын артқан. Олар өздерінің жазылмаған қатал заңдарымен аты шыққан. Айталық, қылмыстық топ сатқындарды адам төзгісіз азапқа салып өлтіреді, тіпті мұндай жазадан жақын туыстары да аман қалмайды.
Бүгінгі күнде Сицилия мафиясы қандайда бір коммерциялық тартыстарды шешуге, ұрланған дүниелерді қайтаруда «келіссөздерге» шақырылады. Басым көп адамдар мафияларға бизнеске қорғаушы болғаны үшін ақша төлеуді ұната бермейді. «Коза-Ностра» бүгінде Құрама Штат жерінде де әбден танымал. Олар Нью-Йорк, Чикаго жән басқа штат қалаларында өзге мафиялық топтармен қарсыласып, «крыша болумен» айналысады. Олар және 1920 жылдары алкагольді ішімдікке тыйым салу «құрғақ заңы» кезінде, заңсыз алкагольді ішімдіктерді саудалаумен де айналысып, ықпалын арттырған.
АҚШ Федералдық зерттеу бюросының мәліметіне қарағанда, әдетте Құрама Штаттардағы қылмыстық синдикат италиялық мафиялармен байланыспайды. «Коза-Ностраның» басым көп табысы есірткі саудасынан түседі. Бүгінде бірқатар италиялық ұйымдасқан қылмыстық топтар өз ықпалдарын шетелдерге дейін жеткізіп, Ресей, Қытай, Албания және өзге бірнеше елдерден шыққан қатал қылмыстық топтармен бәсекелесіп келеді. Кейде бұлар арасында «бірлесе жұмыс істеп», пайданы бөлісіп алу істері де болады.
«Коза-Ностра» кейбір жергілікті және мемлекеттік саясатқа Италияда ғана емес, Құрама Штаттарда да араласа бастаған. Айталық, аталған қылмыстық топ Сицилияның жергілікті әкімшілігі арқылы Еуропа одағының арнайы экономикалық жоспарына да қол жеткізген. Тіпті аталған топты Сальваторе Риина (Salvatore Riina) атты атаман басқарып тұрған кезінде, Италия үкіметімен қарулы қақтығысқа дейін барған. Сол кезде олар үкімет өкілдеріне жиі шабуылдар жасайтын болған. Өмір бойы бас бостандығынан айырылған Риина былтыр ғана 87 жасында түрмеде көз жұмды.
BBC-дің 2010 жылдан бергі көрсеткен мәліметіне қарағанда мафиялық түзімдегі «бизнес-жоспарлары» арасында электр энергиясынан да аталған топтың үлесі бар екенін білеуге болады. Өзге де зерттеушілердің айтуынша, мемлекет тарабынан қаржыландырған мигранттар тұрағының да үстінен қарап, «қорғау ақысын» жинайды. Бірақ кейде мигранттар арасынан да ұйымдасқан қылмыстық топтар жезөкшелер саудасы барысында қақтығысып тұратыны туралы да мәліметтер бар. Сонымен бірге қазір Сицилияның полиция тараулары «Коза-Ностраға» «қатты қысым» түсіріп жатқан көрінеді.
Жауыздығымен аты шыққан «Каморра» мафиясы
Неапол және Казерте жеріндегі «Каморра» кланына қарасты 4500 адам бар. Олардың басты «кәсібі» – есірткі саудасы. Бұл топ асқан жауыздығымен танымал болған. «Каморра»-ның құрылыс компанияларынан тартып, киім-кешек фабрикаларына дейін «қорғау ақысын» алатындығы белгілі болған. Сонымен бірге танымал бренд өнімдерді жалғаннан жасаушы фирмалардан ақша өндіреді. Ал, ондай фирмаларды көбінде қытайлар істейді.
2006 жылы италиялық танымал журналист Роберто Савианон «Каморра» атты еңбегін баспадан шығарып, аталған қылмыстық топтың жай-жапсарын ашып тастаған. Содан бері ол үкіметтің қорғауында өмір сүріп келеді. Оның берген мәліметтеріне қарағанда «Каморраның» «Коза-Ностра» мен «Ныдрангета»-дан (Ндрангета немесе Ndrangeta) басты айырмашылығы – жас лидерлері мен қатал иерархиясы. Роберто Савианонның айтуынша, қазір бұл екі топ «Коза-Ностра»-дан әлдеқайда күшті және саясаттан еш алаңдамайды. Ол және «Каморранның» есірткі саудалау жүйесі Испанияға да жайылған. Алайда, қылмыстық топтың орталығы Неаполдың Скампия және Секондильяно қатарлы кедей аймақтары.
Былтыр күзде аталған топтың мүшесі қоғамдық шаралардың бірінде журналисті басымен сүзгені камераға түсіп қалып, оның арты үлкен жанжалға ұласқан болатын. Кейбір зерттеушілер бұл топта әйелдердің де үлкен рөл атқаратынын, олар негізінен курьерлік және бухгалтерлік қызмет істейтіндігін айтады.
«Супер аткезші» – «Ныдрангета» қылмыстық тобы
Калабрия аймағы – Италиядағы ең кедей аймақтардың бірі. Ол Сицилия провинциясына жақын орналасқан. ФББ-ның мәліметіне сенсек, аталған аймақта «Ныдрангета» қылмыстық тобының алты мыңға жуық мүшесі бар. Бұл топ та өзге қылмыстық топтар секілді есірткі саудасымен көбірек айналысады. Зерттеушілер бұл топтың Колумбия және Мексикадағы мафиялармен байланысы қою екенін айтады. Кейбір зерттеу мәліметтеріне қарағанда Еуропадағы заңсыз сатылған есірткінің 80 пайызын «Ныдрангета» тобының қолынан өтеді.
«Ныдрангета» Италияның оңтүстігіндегі ауқымды қылмыстық істерді ұйымдастырушы деп қаралады. 2007 жылы Германияның Дуйсбург қаласында бұл топ мүшелері жауыздығын әйгілеп, ұйымға қатысты 6 адамды өлтірген. 2008 жылы ұйымның негізгі атамандарының бірі Паскуале Кондуро қолға алынған.
Италиядағы ең шағын мафияның бірі – «Сакра Корона Унита»
Италияның оңтүстік-шығысындағы Апулия жерінен шыққан «Сакра Корона Унита» Италиядағы ең шағын мафияның бірі. Мәліметтерге қарағанда топтың екі мыңнан аса мүшесі бар болып, Апулияның күрделі географиялық жағдайынан пайдаланып улы шегімдік саудасын жасайды. «Сакра Корона Унита» мен Шығыс Еуропадағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың байланысы бар екені анықталған.