Ливияның экс-басшысы Муаммар Каддафи ұлыбританиялық «Манчестер Юнайтед» футбол клубын сатып алмақ болған – деп хабарлайды «The Sunday Times» газеті.
Басылым мәліметінше, 2004 жылы «Манчестер Юнайтед» футбол клубының қаржыгері Мехмет Далман Муаммар Каддафимен келіссөздер жүргізу үшін Ливияға барған. Келіссөздер барысында Муаммар Каддафи клубтың 29,9 пайыз акциясын сатып алуға дайын екендігін айтқан.
«The Sunday Times» газеті жариялаған мәліметтерді Муаммар Каддафидің ұлы Саади Каддафи де растаған. Ол басылымға берген сұхбатында әкесінің клубты сатып алуға дайын болғанын және оған өзінің «Манчестер Юнайтедті» сатып алуға кеңес бергенін айтқан. Ал қаржыгер Мехмет Далманның өзі «Муаммар Каддафи екі сағаттық келіссөздерден кейін клубты толықтай сатып алуға дайын болды» деп мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, Муаммар Каддафи 2011 жылы мемлекеттік төңкеріс барысында көз жұмған болатын. Оны 2011 жылы қазан айының 20-сы күні Ливия халқы Сирт қаласының көшесіне алып шығып, қорлап өлтірген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны