Биыл Қысқы олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң қаласында өтеді.  Ал оны өткізу кезінде елде қандай заманауи технология түрлері пайдаланылатыны туралы The Guardian басылымы жазды.  

5G интернет

Оңтүстік Корея әлемге өздеріндегі интернет жылдамдығының жоғары болуымен танымал (орташа жылдамдық 28,6 Мбит/сек). Ал олимпиада ойындары өтететін ғимараттарда интернетке қосылу мүлдем жылдам болмақ. Яғни онда Intel компаниясы ұсынған мобильді 5G интернеті жұмыс істейді. Бұл арқылы қажетті файлдарды 100 Мбит/сек жылдамдықпен жүктеп алуға болады.

Intel компаниясының мәліметінше  5G интернет сапалы тікелей трансляция  жасауға және ойынға келушілерге VR тәжірибені (VR - виртуалды шындық, әлемдегі тылсым дүниелерді технология арқылы сезіну) көруге мүмкіндік береді.

pic

Фото: Yonhap

Конькимен жүгіретіндерге арналған "ақылды" костюм

Нидерланды атынан қатысатын екі конькиші Samsung-тің "ақылды" костюмдерін кимек. Арнайы датчикпен жабдықталған бұл костюмдер жаттықтырушыларға конкькишілер туралы ақпаратты хабарлап отырады. Мобильді қосымшаның көмегімен, жаттықтырушылар алынған ақпаратты талдап, спортшылар костюмдегі білезіктің көмегімен жаттықтырушының өзіне берген сигналын қабылдай алады. Мысалы жаттықтырушы "жылдамдықты көбейту үшін сәл иілу керек" деген сигнал бере алады. Бірақ бұл тек жаттығу кезінде қолданылады. Ал жарыс кезінде қолданылса цифрлы допинг ретінде есепке алынып кетуі мүмкін.

pic

Фото: Samsung

Тау шаңғышыларына арналған шлемдер 

Енді тау шаңғышылары ойын кезінде жылдамдықты 144 км/сағ-қа дейін жеткізе алады. Өйткені олардың қауіпсіздігі үшін арнайы шлемдар жасалған. Ең соңғы шыққан шлем  Giro Avance деп аталады және оны АҚШ-тан келген команда киетін болады. Giro Avance шлемдері басқа қатты соққы тиген жағдайда айналып кетпейтіндей етіп жасалған.

Жылдамдығы жоғары экспресс

Өткен жылдың қараша айында Оңтүстік Корея үкіметі Сеул мен Пиоңчаң арасында қатынайтын Корей темір жол экспресінің құрылысы аяқталғанын хабарлаған еді. Құрылыс жұмыстарымен Hyundai компаниясы айналысқан. Экспресс пойыздың жүру жылдамдығы - 300 км/сағ. Жүру уақыты - 69 минут. Шетелдік қонақтар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Яғни 192 долларға арнайы қосымшаны сатып алып, сол арқылы бір апта экспресте жүруге және сондағы басқа қызмет түрлерін пайдалануға болады.

pic

Фото: olympic.org

Тау шаңғышыларына арналған қауіпсіздік жастықшасы

Көптеген шаңғышының "ақылды" костюмдерінде қауіпсіздік жастықшалары болады. Аталған костюмдерде жеті бірдей датчик орналасады. Сол арқылы спортшының жағдайы бақыланады. Егер спортшылар құлау сынды қандайда бір  кедергілерге тап болса, жастықша бірден ашылады. Алғашында бұл жастықшалар MotoGP мотожарысы бойынша әлем чемпионатына қатысатындарға арналып жасалған.

Сенсорлары бар мұндай "ақылды костюмді" 2014 жылғы олимпиада ойындарында аустриялық Маттиас Майер киген және сондағы қауіпсіздік жастығының арқасында 2015 жылғы қауіптен аман қалған.

“The Qazaq Times”