Шавкат Мирзиеев Қазақстан аумағында автобустың өртенуі салдарынан көз жұмған азаматтардың отбасыларына жәрдемақы төлеуді тапсырды - деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
Ресми Ташкент таратқан ақпарат бойынша, Шавкат Мирзиеев ел үкіметіне Қазақстанның Самара-Шымкент тас жолында өртке оранған автобустың ішінде көз жұмған 52 азаматтың отбасыларына жәрдемақы төлеуге тапсырма берген. Бірақ Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта жәрдемақының қандай мөлшерде болатындығы жөнінде ешқандай мәлімет көрсетілмеген. Бұған дейін 20 қаңтар күні Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі көз жұмған азаматтардың денелері ел аумағына арнайы ұшақпен жеткізілгендігі жөнінде ақпарат таратқан.
Естеріңізге салайық, қаңтар айының 18-і күні Ақтөбе обылысының Ырғыз ауданында Самара-Шымкент тас жолында 57 адам мінген автобус өртке оранған болатын. Салдарынан көлік ішінде болған 52 адам оқиға орнында көз жұмған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көз жұмғандардың барлығы Өзбекстан азаматтары.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?