Сербия мен Черногория 2025 жылға қарай Еуропалық елдер қатарына кіруі мүмкін. Еуорпалық одақ алдағы уақытта Батыс Балқанда орналасқан алты елді одақ құрамына кіргізуді жылдамдатуға бағытталған жұмысын бастамақ. Бұл туралы vestifinance.ru сайты хабарлады.
Берлин қабырғасы құлағаннан кейін Еуроодақтың шығысқа қарай кеңейе түскенін айтқан еурокомиссар Йоханнес Хан: "1989 жылғы жұмысты аяқтайтын уақыт келді. Сербия мен Черногорияны қосу мақсатанда 2025 жылды белгіледік, бұл нақты мақсат", - деді.
Албания, Босния, Косово, Македония, Черногория және Сербия Еуропалық Одаққа қосылуға үміттенгенмен, соңғы жылдары ол үміттерінен біртіндеп бас тарта бастаған. Өйткені Еуропалық одақ саясаткерлер өз елдерінде еуроскептизмге тап болып, одақтағы қаржы дағдарысы күшейе түскен. Тіпті Ұлыбританияның одақтан шығу туралы шешімі жоғарыда аталған елдердің қызығушылығын төмендеткен болуы мүмкін.
Дегенмен Ресейдегі геосаяси жағдайлардың ықпалы, Түркияның авторитарлы басқаруға өте бастауы, Ұлыбританияның ЕО-дан шығатыны туралы шешімінен кейін одақтың еуорпалық интеграцияны күшейте түсуі Балқан елдеріне жаңа мүмкіндік беріп отыр.
Бұдан бөлек, Хан ЕО-ға мүше болу сыбайлас жемқорлыққа, ұйымдасқан қылмысқа және аймақтағы авторитаризмге қарсы күрестің ең ұтымды жолы екенін айтады.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?