Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға ресми іс-сапармен келетін болды – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Ақорда таратқан ақпарат бойынша, Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында қыркүйек айында Қазақстанға ресми іс-сапармен келіп, Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысуға ниетті екендігін жеткізген. Бұдан бөлек екі ел басшылары сөйлесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы әріптестікті дамыту мен бірқатар халықаралық мәселелерді талқылаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін 16 қаңтар күні Нұрсұлтан Назарбаев Уашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын. Онда Назарбаев пен Трамп Ауғанстан және Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері мен екі ел арасындағы әріптестік жөнінде келіссөздер жүргізген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?