Бүгін Ұлттық Банк өкілдері коллекторлық агенттіктердің және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп, оларды борышкерлермен жұмыс істеуге рұқсат етілетін уақыт туралы хабардар етті. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Коллекторлық қызмет туралы" заң бойынша коллекторлар борышкерлерге жұмыс күні ғана хабарласып, бір күн ішінде сағат 08.00 – 21.00 аралығындағы кезеңде телефонмен сөйлесу 3 реттен көп болмау керек. Борышкерлерді аптасына 3 реттен артық кездесуге шақыра алмайды әрі бір күн ішінде сағат 08.00 – 21.00 аралығындағы кезеңде кездесу бір реттен көп болмауы тиіс.
Бұдан бөлек өзара іс-қимыл жасау уақытын борышкер таңдайды. Мереке және демалыс күндері кез келген жеке байланыс жасауға тыйым салынады.
Сондай-ақ, ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев коллекторлық агенттіктердің жосықсыз деп танылатын және тиісінше тыйым салынған іс-әрекеттерін атап өтті.
Терентьевтің сөзінше, коллекторлар:
1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасаудың Коллекторлық қызмет туралы заңда көзделмеген өзге тәсілдерін пайдалану;
2) борышкердің және оның өкілінің арына, абыройына және іскерлік беделіне
нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату не оларға мүліктік зиян келтіретін мәліметтерді жария ету;
3) борышкердің және оның өкілінің құқықтары мен бостандықтарына араласатын, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін, сондай-ақ оларға мүліктік және өзге де зиян келтіруге әкелетін заңсыз іс-әрекеттер жасау;
4) қауіп-қатер арқылы қысым көрсету, күш қолдану не борышкердің және (немесе)
оның өкілінің және (немесе) үшінші тұлғалардың мүлкін жою немесе бүлдіру, тіл тигізу, алаяқтық жасау, жалған құжат жасау, бопсалау, борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеу;
5) борышкерді, оның өкілін берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау
негіздемелеріне қатысты жаңылыстыру;
6) берешекті өтеу есебіне ақша (қолма-қол немесе қолма-қол жасалмайтын
нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдау;
8) берешекті ақшадан басқа, өзге де мүлікпен өтеуін талап ету;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен, және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған, Қазақстан Республикасының заңдарымен сақталатын құпияны жария ету сынды заңсыз әрекеттерге жол береді екен.
Осылайша, Ұлттық Банк коллекторлық агенттік өкілдеріне
"заңнаманың талаптарын бұзу салдары, сондай-ақ коллектордың іс-әрекеттерінен қылмыстық жазалауға жататын әрекеттер анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына мәліметтерді беретіні" туралы ескертті.