2017 жылы 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақы көлемі 20%-ға дейін артқан. Ал олардың зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 1,6 трлн теңге болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
Тараған ақпарат бойынша, енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы 6% -ға өсті.
"2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, биыл азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін 1,9 трлн теңгеден аса қаражат қарастырылып отыр.
Translated to Nazerke Syundyukova


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?