Қазақстан 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында шет елдерге 855,1 тонна күміс жеткізген. Сатылған металдың жалпы құны 445,8 млн доллар болған.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылдың алғашқы тоғыз айымен салыстырғанда (992,6 тонна) экспорт шикізат қалпында 13,8%-ға, қаржы есебінде 10,9%-ға қысқарған.
Күмістің ең көп бөлігі сатылған ел - Ұлыбритания. Аталған ел Қазақстаннан 364,2 млн долларға 706 тонна (жалпы экспорттың 82,6%-ы) күміс сатып алған. 2016 жылмен салыстырғанда корольдікке экспортталған металл көлемі (992,5 тонна) 29%-ға азайған.
Ал Германияға Қазақстаннан 73,7 млн долларға 134,4 тонна күміс сатылған. АҚШ 7,8 млн долларға 146 тонна күміс сатып алған.
Бұдан бөлек алтын сатылымы да күрт төмендеп кеткен, тіпті нөлге тең деуге болады. Яғни өткен жылдың 10 айында Қазақстан 14,1 млн долларға бар болғаны 0,6 тонна алтын экспорттаған. Ал осы жылдың басынан бері сатылған алтын көлемі 2,9 мың долларға бағаланған.
2016 жылы бағалы металды сатып алған ел Ресей (14,1 млн долларға 0,5 тонна алтын сатылған) мен Ұлыбритания (11,8 млн долларға 0,1 тонна алтын сатылған) болған. Ал 2017 жылы керісінше, алтынның көп бөлігі Ұлыбританияға сатылған.