«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы құрамында болған жанкештілердің санын жариялады.
«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының «Telegram-канал Directorate 4» ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2017 жылы «Ислам мемлекеті» жанкештілері Сүрия мен Ирак аумағында қарсыластарына қарсы 770 шабуыл жасаған. Оның 493-і Ирак аумағында, 120-сы Сүрия сарбаздарына қарсы, ал 135-і күрд автономиялық аумағында жүзеге асырылған.
Жанкештілер лаңкестік шабуылдардың басым көпшілігінде автокөлікке орнатылған жарылғыш затты пайдаланған. Олар 770 шабуылдың 561-де автокөлікке қойылған бомбаны іске қосқан. Ал 175 жағдайда жанкештілер денелеріне «өлім белдігін» байлаған.