Қазақстан мен Моңғолия екі елді байланыстыратын тас жол құрылысын бастауға байланысты келіссөздер жүргізуде – деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Қайрат Әбдірахманов Мәжілісте сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның сыртқы саясатында Моңғолияның алатын орны ерекше. Себебі Баян-Өлгей аймағында қазақ диаспорасының саны басым. Екі жақтық қарым-қатынас орнатуда бірінші кезекте күн тәртібінде тұрған мәселе Баян-Өлгей аймағында Қазақстан консулдығын ашу және Қытай мен Ресей арқылы өтетін тас жол құрылысын бастау» - деген.
Қазіргі таңда Баян-Өлгей аймағында 91 мың 470 адам тұрады. Оның 93 пайызын қазақтар құрайды. Аймақта 43 орта мектеп бар. Олардың 38-і қазақ тілінде білім береді. Өлгей қаласында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің филиалы қызмет істеуде.
Аймақ бойынша, Қазақстан үкіметінің қолауымен «Қазақстан», «Хабар», «КТК», «31-арна», «Астана», «Балапан», «Жетісу», «Kazsport» телеарналары көрсетіледі. Бұдан бөлек қазақ тілінде «Жаңа дәуір», «Моңғол заман», «Білім» газеттері аптасына 3-4 мың данамен шығады. Интернет басылымдардан қазақ тілінде "KAZNEWS" және "BAIOLKE" порталдары жұмыс істеуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?