2017 жылдың басынан бері қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13,4%-ға өсіп, қазан айының соңында 7,6 трлн теңгені құраған. Бұл туралы Ranking сараптама агенттігі хабарлап отыр.

Қазан айында зейнетақы жинақтары 0,6% және 43,3 млрд теңгеге көбейген. Осы жылы зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері тамыз айында аударылған немесе 153,3 млрд теңге болды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түскен түсімдер 10 айда 1,1 трлн теңгені құрады және бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  19,5%-ға (181,4 млрд теңгеге) артық. Негізгі түсімдер, яғни 97%-ы міндетті жарналар мен инвестициялық аудармалар есебінен болған.

Міндетті жарналар көлемі 2017 жылдың қаңтар-қазан айында 584,8 млрд теңгені құраған және бір жыл ішінде көрсеткіш 48,7%-ға (191,5 млрд теңге) көбейген.

Дегенмен инвестициялық кіріс соңғы екі жыл қатарынан төмендеген. Осы жылдың қаңтар-қазан айында инвестициялық кіріс 497,3 млрд теңге болған және 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,4%-ға (12,1 млрд теңге) төмен.

Зейнетақы қорына түскен басқа да түсімдер жалпы түсімнің 3%-ын құрайды. Оның ішінде міндетті кәсіби зейнетақы жарналардың үлесі 29,3 млрд теңге және 9,6%-ды құрайды. Ерікті зейнетақы жарна көлемі бір жылда 56,4%-ға немесе 364,9 млн теңгеге дейін көбейген.

Айта кетейік, қараша айының басында Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров зейнетақы жинақтарының кірісі төмен екені және оның өсімі инфляция деңгейінен төмен екенін айтқан. Оның сөзінше, зейнетақы кірісі мен инфляция арасындағы айырмашылық ұлғая береді.

БЖЗҚ сайтында жарияланған соңғы мәліметтерге қарағанда, зейтенақы жинақтарының кірісі  7,15%-ға тең ал инфляция көлемі  есептік кезеңде 6,3% болған. Алайда зейнетақы кірісі инфляциядан тек 0,85%-,а артық болып отыр.