Иранның экс-вице-президенті 63 жылға сотталды – деп хабарлайды ISNA ақпарат агенттігі.
"The Washington Post" басылымының мәліметінше, Иран соты елдің бұрынғы вице-президенті Хамид Резе Бакаиды 63 жылға бас бостандығынан айырды. Оған қызметін асыра пайдаланды және мемлекет мүлігін талан-тараж етті деген айып тағылған. Иран құқық қорғау органдары ең алғаш оны 2015 жылы тұтқындаған. Бірақ кейіннен тергеу кезінде бостандыққа шығарған. Бакаи 2017 жылдың мамыр айында президент сайлауына қатысуға өз кандидатурасын ұсынған. Алайда оның ұсынысын орталық сайлау комиссиясы қабылдамай тастаған. Осыдан кейін шілде айында Хамид Резе Бакаи екінші рет тұтқынға алынған.
Хамид Резе Бакаи 2009-2013 жылдар аралығында вице-президент болған. Ол 2011 жылдан бастап вице-президенттікпен қатар президент әкімшілігін басқарған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды