Құрама Штаттағы белсенді қоғамдық ұйымдар, медиалар әр ай сайын АҚШ президенті бағалау жөніндегі сауалнама жүргізеді. Президент Трамп Ақ үй басшысы болғалы бері оның саясатын қолдау көрсеткіші ай сайын төмендеп келді. Кезекті бағалау қорытындысы бойынша да бұл үрдіс жалғасын тапқан. Керісінше Трамптың экономикалық шараларына қолдау рейтингі жоғарылаған.
АҚШ-тағы танымал «WSJ» басылымы мен NBC арнасы бірлесе отырып жасаған жаңа сауалнама нәтижесіне қарағанда, Трамптың экономикада жасаған жаңа реформалары америкалықтардың көңілінен шығуда. Айталық Құрама Штатта жұмыссыздық деңгейі 17 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түскен. Жұмыспен қамту мен қор нарығы саласында жаңа рекорд тіркелген. Респонденттердің басым көбі Трамптың экономика саясатына қолдау білдірген. Тек сауалнама қатысқандардың 37 пайызы ғана қарсы пікірде.
Өткен айдағы «Pew» зерттеу орталығының сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 32 пайызы ғана Трамп саясатын қолдаған еді. Бұған қарап, Қараша айына қарағанда Трамптың америкалықтар арасында беделі арта түсті деуге болады. Қараша айында ол өзінің президент болғаннан бергі ең төмен қолдау көрсеткішіне ие болып еді.
Жаңа зерттеу нәтижесіне қарағанда, Трампты қолдау көрсеткіші 38 пайызды құрап, 6 пайызға жоғарлаған.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?