 
                                    Грузияның бұрынғы басшысы Михаил Саакашвили Киевте тұтқындалды. Бұл туралы ақпарат әуелі саясаткердің фейсбук парақшасында жарияланып, кейіннен Украинаның Бас Прокурорымен расталды. Ол осыдан бірнеше күн бұрын өз үйінде тұтқындалған жерінен өз қолдаушыларының көмегімен полицияның қолынан босап кеткен болатын. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Михаил Саакашвили Украинаның бұрынғы Президенті Виктор Януковичпен байланысы бар қылмыстық топтан қаржы алған деген айыппен жауапқа тартылмақ. Сейсенбі күні өз үйінде полицияның қолына түскен оны қолдауға жиналған халық үлкен қарсылық көрсетіп, босатып алған еді. Осыдан кейін Үкімет Михаил Саакашвилиге құқық қорғау қызметкерлерінің қолына өз еркімен берілуге сағат берген болатын.
Ресеймен астыртын байланысы бар деген күдікпен абақтыға жабылып отырған Михаил Саакашвилиге қарсы айыптаушы прокурорлар оның кінәсін дәлелдейтін аудио және бейне жазбалар бар екенін айтады. Украина Соты Михаил Саакашвилиді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруы немесе жемқорлық істеріне қатысы бар деген айыппен іздеуде жүруіне байланысты, Украинадан өзі 10 жыл бойы Президент қызметінде болған Грузияға экстрадициялау туралы шешім шығаруы мүмкін.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау