Өзбекстанның Асака қаласында орналасқан автокөлік зауытына елдің тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтың аты берілді. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлаған. Ал қазіргі Президент Шавкат Мирзеев осы жарлыққа қол қойған.
Бұдан бөлек, автозауыт аймағында Өзбекстанның бірінші президентіне арналған мемориалды кешен құрылған. Кешенде "Ислам Кәрімов және ӨЗбекстандағы автокөлік өндірісінің дамуы" атты музей көрмесі жұмыс істейді.
Елдің Әндіжан облысы, Асака ауданында орналасқан зауыт көліктермен тек қана ішкі нарықты ғана емес, сыртқы нарықты да қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы компания өзінің 20 жылдығын атап өткен.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап