Өзбекстан мен Түркия құны 455 миллион долларды құрайтын сауда келісіміне қол қойды.
Анкара қаласнында өткен Өзбекстан мен Түркия арасындағы үкіметаралық комиссия өтірісінде тараптар жалпы құны 455 миллион долларды құрайтын 62 құжатқа қол қойды. Түркия вице-президенті Фуат Октайдың сөзінше, қазіргі уақытта екі ел арасындағы суда айналымы 2 миллиард долларға жеткен. Ал бірлескен кәсіпорындар мен компаниялар саны мыңнан асқан.
Қазіргі таңда Өзбекстанға алыс шетелдерден баратын туристер саны жағынан Түркия көш бастап тұр. 2017 жылы Түркиядан Өзбекстанға ат басын бұрған туристер саны 18 мың болса, 2018 жылы 78 мың болған.
Өзбекстан мен Түркия арасындағы байланыс билік басына Шавкат Мирзиеев келгеннен кейін қайта жандана бастаған. Ислам Кәрімовтың тұсында ресми Ташкент жабық есік саясатын ұстанып, түрік бизнесмендері мен кәсіпорындарын ел аумағынан шығарған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел