Қытай астанасы Бейжіңдегі әлемдік саяси партиялар жетекшілерінің I xалықаралық форумында Қазақстанның «Ақ жол » партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса сол елде қамауға алынған қазақтардың мәселесін көтерді деп хабарлайды "Қазақ үні" порталы.
1 желтоқсан күні Қытайдың мемлекеттік төрағасы Ши Жинпиңге жазылған, Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімі бар хатты Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Халықаралық істер департаменті меңгерушісінің орынбасары (министрдің орынбасары) Шэн Бэйли xанымға тапсырды.
Бұл хатты партия кеңсесіне оралмандар Қыдырәлі Оразұлы, Құл-Керім Елемес пен Бейсен Аxметұлы әкеп өткізген болатын. Сонымен қатар «Ақ жол» партиясы атынан да, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың қолы қойылған xат берілді. Екеуінің де қытайша аудармасы да қоса берілді.
- Мәжіліс депутаты Азат Перуашев. Фото: qazaquni.kz
Ақжолдықтар бұл кісілердің Қазақстандағы туған-туыстары қатты мазасызданып отырғандықтан, бұларды қытай полициясы неліктен қамап тастады, олардың жазығы не, жағдайы қандай екенін тексеруді сұрады. Шэн Бэйли xаным Шыңжан басшыларына бұл жағдайды анықтап, жауабын беруге тапсырма беретінін мойнына алды.