Қазақстанда АҚШ демокартиясын қалыптастыру мүмкін емес – деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg басылымына берген сұхбатында: «Қазақстан ұзақ жылдар бойы патшалық Ресей мен Кеңестер одағының құрамында болғандықтан, осы уақытқа дейін көптеген адамдар нарықтық экономика мен жеке меншік болмауы керек деп есептеп келді. Бұның барлығы мемлекеттің қарамағында болуы тиіс деп ойлады. Осыдан кейін Батыс елдерінің Қазақстанда Америка демократиясын жасағысы келетіндіктері қисынға келмейді. Маған осының барлығын АҚШ-тың бірнеше мемлекеттік хатшыларына дәлелдеуіме тура келді. Мен Олбрайт ханым мен Кондализа Райс ханымға барлығын түсінетінімді айттым. Біз де жер шарын толықтай демократияландырғымыз келеді. Бірақ сіздер де бізді түсінулеріңіз керек. Азия қоғамы, ислам діні мүлде басқа бастаудан тамыр алады. Біздің сіздермен салыстырғанда дінге, дәстүрге, отбасымызға, әйелдерге, балаларға, туыстарымызға деген көзқарасымыз мүлде бөлек. АҚШ президенті Дональд Трамп айтқандай: «бүкіл әлемге Америка құндылықтарын насихаттай берудің қажеті жоқ». Қандай да бір елді білмей жатып, оған «Америка бол» -деп айтудың қажеті жоқ. Ауғанстанда Америкадағыдай демокартия бола ма? Жоқ, әлде Иракта Еуропа немесе Америкадағыдай демократия орнайды деп ойлайсыз ба? Олай еш уақытта болмайды. Ондай жағдай болу үшін уақыт керек. Халықтың саяси санасы өсуі тиіс. Ел бұның не екенін түсінуі керек. Демократия – мемлекеттердің заңға бағынуы. Заңды бұзсаң жазаланасың» -деген.