Қазақстандық жұмыс берушілер жасы үлкен жұмысшыларды қызметке алуды азайтқан. Осы жылы жасы 55-64 жас аралығындағы жұмыссыздардың саны 3 тоқсанның қорытындысы бойынша 6,5% болған. Негізі бұған дейін жасы үлкен жұмыссыздардың саны 5%-дан асып көрмеген. Былтырғы жылы көрсеткіш 4,5%-ды құраған.
Сонымен finprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, ұлттық еңбек нарығында жасы үлкен жұмыссыздардың саны 29-34 жас аралығындағыларға қарағанда басым болып отыр. Ал жұмыссыз жүрген жастардың көрсеткіші 2016 жылдан бері 6,6%-дан 6,1%-ға дейін төмендеген.
Зейнет жасына жетіп қалған қазақстандықтардың арасында ерлердің де әйелдердің де саны бірден артып кеткен. Мысалы осы жылы 55-64 жас аралығындағы жұмыссыз ерлердің саны бірден 9,6 мың адамға немесе 44%-ға өссе, дәл осы жастағы әйелдердің үлесі а 8,4 мыңға немесе 53,4%-ға өскен.
Бұрынғы статистика бойынша, негізі жұмыссыз әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда жоғары болған. Алайда соңғы екі жылда керісінше, жұмыссыз ерлердің саны басым бола бастаған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды