Қытай басшысы Ши Жинпиң өзінің арнайы елшісін Солтүстік Кореяға жібергеннен кейін, түбекте бірқатар нәзік дипломатиялық қадамдар жасалды. Дегенмен, бұған Солтүстік Кореяның қандай жауап қайтаратынын болжап айту қиын. Осыдан тура бір ай бұрын Қытайдың бес жылда бір өтетін Ұлттық конгресі – ҚКП-ның XIX құрылтайы аяқталды. Дәстүр бойынша Қытай үкіметі өзінің құрылтайындағы жаңа саясатын өзімен ұқсас бағыттағы социалистік елдерге таныстырып, өкілдер аттандырады. Бірақ ресми Бейжің тарабы Пиоңяңға (Пхеньянға) түбек дағдарысын шешу үшін арнайы елшінің аттанатынын бірден ашып жарияламады.
Қытай Солтүстік Кореяны райынан қайтара ала ма?
Дегенмен, көптеген халықаралық БАҚ өкілдері КХДР-ны өзінің ядролық және зымырандарды дамыту бағдарламаларынан бас тартуға көндіру Қытай басшысы жіберген арнайы елші сапарының сәтті-сәтсіз болуымен тікелей қатысты деп қарады. Қытай елшісі Сұң Тау сапарынан кейін де Қытай СІМ-і «қос бағытты суспензия» жариялады. Солтүстік Кореяның ядролық қаруды пайдалануын Қытай да жақтамайды. Сұң Тау бұл позицияны сапар кезінде айтқан болуы мүмкін. «Қос бағыттағы суспензия» дегеніміз, Солтүстік Кореяға қарата ядролық бағдарлама мен зымыран сынақтарын тоқтатуды, АҚШ пен Оңтүстік Кореяға КХДР-ға қаратқан ауқымды әскери жаттығуларын тоқтатуға шақыру.
Солтүстік Кореяның осыған дейінгі қадамдары өзінің ядролық бағдарламасына қарсы халықаралық оппозициялық күштердің қарсы шараларына қарамайтынын, бұл тек өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп білетінін анық көрсетті. Дегенмен Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы диалогтарды орнатып, түбектің дипломатиялық қадамдарын ілгерілетудің мүмкіндігін анық айту қиын. Осымен бірге Оңтүстік Корея КХДР-дан келетін ядролық қауіптен қорғану үшін «Сад» зымыран қорғаныс жүйесін орнатуы, Қытай мен Оңтүстік Корея арасында дағдарысты қалыптастырды. Бұл да Қытайдың Солтүстік Кореяны райынан қайтару үшін ынтасын арттырады.
Дегенмен жағдайда басқаша өзгерістер болды. Қытай елшісінің Солтүстік Кореядағы сапарынан кейін, Оңтүстік Кореяның СІМ басшысы Қытайға сапарлай барды. Оны Қытай СІМ басшысы Уаң И және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыртқы істерге жауапты басшысы Фу Юн күтіп алды. Екі тарап жоғары деңгейде ынтымақтастықты дамытуды қолға алды. Осы жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн Бейжіңге сапарлай бармақ. Қытай-Оңтүстік Корея арасында «Сад» жүйесіне байланысты дағдарыстан үзіліп қалған ынтымақтастықты қайта бекемдеуге келісімдер жасалды.
АҚШ пен Оңтүстік Корея біріккен әскери жаттығуын тоқтата ма?
Оңтүстік Корея президентінің баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, 2018 жылғы Қысқы олимпиада кезінде екі Оңтүстік Корея АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығу туралы қарастырылып жатқан көрінеді. Дегенмен бұл әлі де қарулы күштердің зерттеу қорытындысын қажет ететінін алға тартты. Ал, сол елдің кейбір әскери лауазымдыларының пікіріне қарағанда, егер келесі жылдың басынан бастап Солтүстік Корея ядролық және зымыран сынақтарын қайта бастайтын болса, онда Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың да бірлескен әскери жаттығуын тоқтату қиын.
БҰҰ Оңтүстік Кореяның 2018 жылғы Қысқы олимпиаданың қарарын қабылдады, әрі бұған АҚШ, Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяның келісімін алды. Егер АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери жаттығулары тоқтаса, Пиоңяң тарабы да осы қарға келіспек.
Кейбір елдердің басылымдарында, КХДР басшысының қадамдары осы арқылы өзінің дипломатиясына жол ашу, АҚШ пен Оңтүстік Кореяны келісімге көндіру үшін жасап отыр деп қарайды. Дегенмен, бұл жорамалдың дұрыс болуы екі талай. Түбек жағдайы әлемдік державалар арасындағы қақтығысқа ұласа жаздағанға дейін өзінің ықпалын көздеп отыруға Ким Жоң Унның да жүрегі дауаламас. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламадан бас тартпауы, бірден-бір, қауіпсіздігінің маңыздың кепілі ретінде ядролық қарудың бар болуы деп қарауында. Қытай мен Ресейге Солтүстік Кореяны астыртын қолдап отыр деген айыптарда айтылған. Солай болған күнде де, қазіргі кезде түбек жағдай жаңа өзгерістерге түсе бастады.