ВВС ақпараттық агенттігінің тілшісі Lyse Doucet - Сауд Арабиясының жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен құрықталған ханзадалары жатқан ең қымбат қонақ үйлердің бірі Ritz Carlton "абақтысына" кіруге рұқсат алған ең бірінші журналист. Мемлекет басшысы Мұхаммед бин Салманның бастамасымен парақорлыққа қарсы күрес аясында қолға түсірілген шенеуніктер мен белді саяси тұлғалар өз жазасын осы дәулетті мекенде өтеп жатыр.
Әлемдегі ең бағалы қонақ үйлердің бірі 4 қазаннан бері "алтын абақтыға" айналды. Мемлекеттің қырына іліккендердің аты-жөні толық жарияланбағанымен, мұнда 200-ге жуық Сауд Арабиясы билігіндегі салмақты тұлғалар әкелінген. Айыпталғандардың есімдері белгісіз тізімде "11 ханзада бар, олардың екеуі Мұхаммед бин Салманның жиендері" деген дерек те жоқ емес.
ВВС тілшісі өзінің қаншама түрме мен бас бостандығынан айыру орындарына барып жүріп, мұндай алтыннан жасалған "абақтыны" алғаш көріп отырғанын айтады. Мұнда қылмыскерлердің қамсыз өмірі үшін барлық жағдай жасалған. Сауд Арабиясының ресми өкілдері берген ақпаратқа сәйкес, 4 қазан күні түн ортасында осында жеткізілген шенді тұлғалар алғашында мұны арнайы ұйымдастырылған "шоу" деп ойлапты. Кейіннен мұнда қалудан бас тартып, қарсылық білдіргендері де табылған.
ВВС тілшісінің сөзінше, шенеуніктер бұл жерден босап шығу үшін келісімге келуге дайын екен. Үкіметті жаппай тазарту ісі неге дәл қазір басталды деген сауалға тілші Сауд Арабиясындағы жемқорлықты ауыздықтау көптің көкейінде жүрген басты мәселе болғанын айтады. Сондай-ақ осы шешімі арқылы Мұхаммед бин Салман өз жауларының қатарын арттырып алуы мүмкін деген болжам жасайды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді