2017 жылдың қаңтар-қазан айы аралығында тау-кен өндірісі кәсіпорындары мен карьерлер өндірісі 9,3 трлн теңгенің өнімін өндірген және бұл өткен жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 10,2%-ға жоғары деп хабарлайды LS.
Дереккөздің мәліметінше, осы кезең аралығында 229,5 млрд теңгеге көмір мен лигнит өндірілген (7,8%-ға артық).
Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру көлемі 7,5 триллион теңгені құрады (11,4%-ға көп). Оның ішінде шикі мұнайды өндіру 7,3 трлн теңге (11,4%-ға көп), ал табиғи газ өндіру 154,6 млрд теңге (9,6% -ға көп) болған.
Сондай-ақ, металды рудаларды өндіру 990,5 млрд теңгеге жетті (8,8 -ға көп), оның ішінде темір рудаларының өндірісі 205,3 млрд теңгені (7,3% -ға), түсті металдарды өндіру 785,1 млрд теңгені құрады.
Жалпы тас көмір өндіру көлемі 82,4 млн тоннаны (12,8%), шикі мұнайдікі - 60,1 млн тоннаны (12% өсім), табиғи газдікі - 43,7 млрд текше метрді құраған (14,5%-ға өсті), темір рудасын өндіру - 32,6 млн тоннаға (10,1% -ға), мыс өндіру 81,1 млн тоннаға (24,7%-ға өсті) жеткен.
Ескеретін жайт, Қазақсанда мұнай шикізаты өндірілген сайын жетпей келеді. Мысалы көмір өндірісі көбейген күннің өзінде, биыл жылуы маусымы бастала сала көмір тапшылығы болғаны анық.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?