ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Париж қаласынан 75,8 млн долларға зәулім үй сатып алған қазақстандық шенеунік туралы тараған ақпараттарды тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды КТК.
Министр бұл жаңалықты естігенін , бірақ Парижден зәулім үй сатып алған адамның кім екенін білмейтінін атап өтті. Осылайша Сұлтанов ведомство қызметкерлері кіріс туралы барлық декларацияны тексереді деп сендірді.
"Біз де бұл жаңалық туралы шетелдік басылымдардан және сіздерден білдік. Әлемде салық саласындағы ақпараттарды алмасып отыру туралы келісім бар. Мемлекеттік кірістер комитетінің реакциясы туралы айтар болсақ, комитет декларацияда көрсетілгендей жыл сайын шетелдегі шоттар мен мүліктерді тексеріп отырады. Сондықтан декларация бойынша ол пәтерді кім сатып алғанын іздестіретін боламыз", - деді ол.
Айта кетейік, бұдан бұрын Mansion Global халықаралық жылжымайтын мүлік агенттігі Қазақстан Үкіметінің ресми өкілі Парижден құны 75, 8 миллион АҚШ доллары (65 миллион еуро) тұратын зәулім үй сатып алғаны туралы ақпарат таратқан. Бұл үй осы жылғы ең қымбатқа бағаланған үйлердің бірі болған және Париждің атақты байлар қоныстанған Golden Triangle деп аталатын ауданында орналасқан.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі