Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдеріне байланысты пікір білдірді.
«Астана клубының» үшінші отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері жайында мәлімдеме жасады. Ол онда: «Біздің тарихымыз, дініміз, мәдениетіміз бір. Құдай бізге бір-бірімізге көмектесуге, аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бірге болуға жазды. Қазір осыған байланысты Өзбекстанда көптеген өзгерістер болып жатыр. Мен бұны сырттай бақылап отырмын. Осы жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 30 пайызға өсті. Екі елдің халқы араласуда. Біз қолымыздан келгенше көмектесудеміз. Бұндай өзгерістер Тәжікстанда да, Түркіменстанда да жүргізілуде. Жақында Қырғызстанда президент сайлауы өтті. Мен Орталық Азия болашағына үлкен сеніммен қараймын. Біз бірге болуымыз керек. Бізді құдай қосқан. Бұл біреуге қарсы бірігу емес, бұл біздің мемлекеттеріміздің дамуы мен халқымыздың болашағы үшін бірігу» - деді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды