Ирактың солтүстік бөлігінен "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы құрбандарының жаппай жерленген орны табылды. Аталған мекенді қазу кезінде 400-ге жуық адам сүйегі бір орынға көмілгені анықталды. Құрбандардың үстінде тұтқындардың киімі болған. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Жаппай жерлеу орны Киркук қаласынан 45 км қашықтықта орналасқан "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының негізгі тіректерінің бірі Хавижа қаласының маңынан табылған. Ирак әскері аталған қала мен оған іргелес аумақтарды терроршылардың қолынан қазан айында азат етті.
Әл-Жазираның Ирактағы тілшісінің хабарлауынша, "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы өз билігіне қарсы адамдарды түрмеге жауып, көзін жойып отырған. Жуырда Associated Press ақпараттық агенттігі Сүрия мен Иракта лаңкестік ұйымның жалпы саны 72 тұтқындарды жерлеу орны бар екенін жазған болатын. Қазір фотосуреттер мен сұхбаттар арқылы солардың 17-нің мекен-жайы анықталды.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті