 
                                    Осы жылдың 1 қарашасына дейін лицензия қызметі тоқтатылған Delta Bank Ұлттық банктің банктердің қаржы тұрақтылығын арттыру туралы бағдарламасына қатысуға ниетті.
Мұндай шешімге банк акционерлері кезектен тыс өткізілген жиналыста дауыс берген.
Қазақстанның қор биржасында жарияланған құжатта айтылғандай, егер Ұлттық Банк оң шешім қабылдаса, аталған банк 2,244 миллиард акцияны шығару арқылы жарияланған акцияларының санын 2,334 миллиард данаға көбейтуді жоспарлап отыр екен.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық банк бірнеше рет «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған болатын.
Сондай-ақ, S&P халықаралық рейтинг агенттігі де банктің рейтингін бірнеше рет төмендетіп, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін мерзімі өткен кредиттерінің көп болуына байланысты "CC/С"-дан "D/D" деңгейіне дейін төмендеткен. Сондай-ақ, банктің ұлттық шкала бойынша да рейтингі "kzCC"-дан "D"-ға дейін түскен еді.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                     Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?