Ресей президенті Владимир Путин Сооронбай Жээнбековты құттықтады - деп хабарлайды Кремль баспасөз қызметі.
Владимир Путин Сооронбай Жээнбековке жіберген құттықтау телегараммасында: «Сайлау қорытындысы сіздің ел арасында беделді азамат екеніңізді дәлелдеді. Осы сайлауда ел халқы сіздің саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда Қырғызстанның дамуына қосқан үлесіңізді шын мәнінде бағалады. Біз де сіздің Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз және құрметтейміз» - делінген. Ал соңғы кездері қырғыз билігімен қарым-қатынасы дұрыс болмай жүрген Нұрсұлтан Назарбаев Жээнбековты әлі құттықтамаған.
Естеріңізге салайық, қазан айының 15-сі күні Қырғызстанда президент сайлауы өтіп, билік партиясы атынан қатысқан Сооронбай Жээнбеков 54,24 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен болатын. Ал оның басты қарсыласы «Республика Ата-Жұрт» партиясының өкілі Өмірбек Бабанов небәрі 33,47 пайыз дауыс жинаған.