Қазан айының 12-13 күндері Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 25 жылдық мерекесіне орайластырылып регбиден республикалық жарыс өтті.
Жарысқа 6 команда және барлығы жүзге жуық спортшы қатысты. Олар – Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы «Оңтүстік», Оралдағы «Батыс», Қарағандыдағы «Орталық», Өскемендегі «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Петропавлдағы Әскери институтының және Астанадағы 5573 әскери бөлімінің құрама командалары қатысты.
Регби ойыны жайлы қысқа тоқтала етсек, 2015 жылдан бері «Регби» ойыны Олимпиада ойындарының құрамына кіріп, күллі әлемде үлкен беделге ие болып тұр.
"2015 жылы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Фатихұлы Жақсылықовтың бұйрығымен регби Ұлттық ұланда қолданбалы спорт түрінің қатарына енді. Өткен жылы тұңғыш рет регбиден Ұлттық ұланның біріншілігі болып өтті", - деп атап өтті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов.
Жарыстың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы командасы бас жүлдені иеленіп, Ұлттық ұлан Бас қолбасшынының жеңімпаз кубогын иеленді. Ал екінші орын «Батыс» өңірлік қолбасшылығына бұйырса, қола жүлдені елордалық 5573 әскери бөлімінің регби командасы иеленді.