Сингапурдың Vanda Electrics компаниясы Женевада өтетін көрмеде тұжырымдамалық автокөлігінің тұсауын кеседі. Оны жасап шығарған Williams Advanced Engineering автожарысқа қатысушылар (Racing Team) тобы. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

Модельді жыланқияқ түрімен (orchid) – «Dendrobium» деп атаған. Бұл атау кездейсоқ таңдалынған жоқ. Жобаның басты мақсаты – ең қуаты күшті спорттық автомобильді  жасыл технологияларды (green technology) пайдалану арқылы да жасауға болатынын көрсету.

Dendrobium Concept құрамы электромоторлардан тұрады. Оның толық құрамы және автокөлік туралы нақты ақпараттар әлі берілмеген.

Алайда моделін жасаушылар көліктің есіктері жоғары ашылатындығын айтты. Олардың айтуынша: «Есіктер Дендробиумдағы жыланқияқтың жапырақтары секілді  бір уақытта, бірдей  мәнермен ашылады». Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, компания өкілдері көліктің есіктері «Mercedes 300SL шағаланың қанаттарына» ұқсайтын болады.

Сонымен қатар, көлік шотландиялық Bridge of Weir компаниясы өндіретін  «карбон терісі» секілді өте жұмсақ екі орыннан тұрады.

"The Qazaq Times"