АҚШ президенті Жо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы тарихи кездесу кеше, 16 маусым күні Женевада өтті. Кездесуден бұрын тараптардың қандай да бір ауқымды келісімнен үміттеніп отырмағаны айтылған болатын. Ал, кездесу өткеннен кейін екі ел басшысының кездесуге қатысты пікірлері маңызды бола тұсті.
Бұл кездесу АҚШ пен Ресей арасындағы нашарлап бара жатқан қарым-қатынасты ретке салып, қайшылықтарды барынша жеңілдету үшін ұйымдастырылды. Кездесуден кейінгі мәлімдемелерге қарғанда Тараптар бұл мақсаттарына жеткені байқалады.
Ең кемінде Мәскеу мен Уашингтон бір-біріне елшілерді қайта жіберетін болды. Естеріңізде болса, жыл басында екі ел қатынасының нашарлап кетуіне байланысты Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Джон Салливан мен Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов өз елдеріне қайтқан еді, бұл жолы екеуі де кеңейтілген отырыс құрамында болған.
Кездесулерден кейінгі баспасөз жиналысында Путин Жозеф Байденді «конструктивті, байыпты, тәжірибеге бай, тісқақты және сақа саясаткер» деп атаған. Бұған қоса кездесуді «сындарлы өтті» деп бағалап, «ешқандай дұшпандықтың жоқ екенін» айтқан.
Баспасөз мәлімдемесінде Ресей президентінің жеткізген мәліметтеріне қарағанда, АҚШ пен Ресей киберқауіпсіздік пен стратегиялық тұрақтылық мәселесінде біршама түсіністік орнатқанын, бұған қоса ең ірі ядролық держава ретінде де Мәскеу мен Уашингтон арасында қарым-қатынасты сақтау жауапкершілігінің жоғары екенін жеткізген.
Екі лидердің баспасөзге айта бермейтін терең мазмұндардағы бірқатар мәселелерді талқылағаны анқы. Қалай болмасын, бұл тарихи кездесу шиеленістің тереңдей түскен тұсында, державалар арасындағы қарым-қатынастардың ретке келуіне аз да болса ықпалы болды.