Газа секторында 2007 жылдан бері өзара соғыс жүргізіп келе жатқан ХАМАС пен ФАТХ ұйымдары бейбіт келісімге келді. Екіжақты кездесулер олардың арасында медиаторлық қызмет атқарған Египетте өтті. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
ФАТХ ұйымының басшысы Махмұд Аббас бұл шешімді "соңғы әрі өзгермейтін" деп жариялады. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттериш келісімді жылы қабылдады. Ол соғыс пен тұрақсыздықтың әсерінен зардап шегіп келген халықтың басына туған гуманитарлық дағдарыстың аяқталатынына қуанды. Екіжақты қақтығыстардың әсерінен Газа секторындағы халық электр жарығынсыз қалған болатын.
Бұл келісімді құптамағандардың бірі - Израиль. Ел Президенті Биньямин Нетаньяху ХАМАС исламдық ұйымымен 2008 жылдан бері үш соғысты бастарынан өткергенін, олардың қаруды тастап, еврей мемлекетін мойындағандарын қалайтынын жеткізді.
Аталған келісімге қуанған Газа секторындағы халық Египет, Палестина, ХАМАС және ФАТХ ұйымдарының туларын іліп, мерекелік шара ұйымдастырды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?