Сүрияда Ресей әскери әуе күштеріне тиесілі Су-24 бомбылаушы ұшағы апатқа ұшырады – деп хабарлайды Оxu.az ақпарат көзі.
Бүгін қазан айының 10-ы күні Сүрияның Хмеймим әуежайында Ресей әскери әуе күштерінің Су-24 бомбылаушы ұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан ұшақ бортында болған экипаж мүшелерінің барлығы оқиға орынында көз жұмған. РФ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Су-24 ұшағы 10-шы қазан күні Хмеймим әуежайының ұшу жолағында әуеге көтерілмей жатып апатқа ұшыраған. Оқиға орынын тексеру барысында ұшақтың қозғалтқышында техникалық ақаулардың бар болғандығы анықталған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Сүрия аумағында әскери қызметін атқарып жүрген екі ресейлік сарбазды «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы тұтқынға алған болатын. Ал кейінен Ресей мемлкеттік думасының депутаты Виктор Водолацкий олардың террористер қолынан қаза тапқандығы жайында мәлімдеген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды