АҚШ-тың бұрынғы президенті Солтүстік Кореяға барып Ким Жоң Унмен кездескісі келеді – деп жазды оңтүстік кореялық Чунан Ильбо газеті.  

Басылым мәліметінше, Ақ үйдің бұрынғы басшысы Джимми Картер жақын уақытта Солтүстік Кореяда Ким Жоң Унмен кездесуді жоспарлауда. Картер бұған дейін АҚШ пен Солтүстік Кореяны бір рет ядролық соғыс дағдарысынан алып шыққан. Ол 1994 жылы Пиоңяңда Солтүстік Корея басшыларымен келіссөз жүргізіп, АҚШ пен КХДР арасындағы Женева келісімін қайта күшіне енгізген болатын.

Бұған дейін 93 жастағы Джимми Картер Washington Post  газетінде Ақ үй басшылығын Солтүстік Кореяға жоғары лауазымды қызметкерлерден құралған делигация жіберіп, келіссөздер жүргізуге шақырған.

“The Qazaq Times”